Қызылорда облысында 2015 жылы 15 жаңа мектеп салынады

Қызылорда облысында 2015 жылы 15 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.Қызылорда қаласының өзінде Қорқыт ата көшесінде және Ипподром шағын ауданында екі жаңа мектеп ашылады. Сондай-ақ Арал ауданының Тоқабай, Жаңақұрылыс, Жіңішкеқұм және Ақеспе ауылдарында, Қазалы ауданының Сарбұлақ және Аранды ауылдарында, Жалағаш кентінде, Ақай, Шаған, Шіркейлі, Бала би ауылдарында білім ошақтары бой көтереді.

Талап теміржол стансасы мен 21 теміржол айрығында да мектеп салынбақ.

Алдағы жылы пайдалануға берілетін 15 мектептің 9-ы апатты мектептердің орнына салынады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе