Оқушылар арасында өткен брейн-ринг «Астана ЕХРО-2017» көрмесіне арналды - Қызылорда

Қызылордадағы «Ustudy» тест орталығында «Астана ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне арналған брейн-ринг өтті, деп ХАА тілшісі. Интеллектуалдық сайысқа қаладағы 12 мектептен қатысқан 11 сынып оқушылары «Carpe diem», «iHope», «Zien» және «Irreplaceble» атты төрт командаға бөлініп, өзара сынға түсті. 

    Төрт турдан брейн-ринг полиглот оқушылардың Президенттің үш тілдік стратегиясын қолдау мақсатындағы сайысынан басталды. Келесі турда командалар картадан ел астаналарын тауып,  географиялық жағынан білімдерін сынады.     «Астана ЕХРО-2017» ресурстық орталығының қызметкерлері оқушыларға    халықаралық көрме мен Байқоңыр, Қорқыт Ата мемориалдық кешені  туралы мәліметтер берді. Оқушылар орталық қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сауалдар қойып, қажетті  мәліметтер алды.     Брейн-рингтің қорытынды кезеңінде оқушылар «Жастар болашақтың энергиясы» атты өзара сөзсайыс ұйымдастырды. Бұл бәсекеде «Zien» командасы   жеңіске жетті.     Барлық қатысушыларға кәсіпкерлер мен туризм басқармасының атынан ескерткіш  сыйлықтар берілді. Оқушылар оған қоса «Әлеуметтік желінің зияны» атты дәріс тыңдады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе