Алдағы жылы өңірде апатты мектептер мәселесі шешіледі - СҚО әкімі

СҚО-да апатты мектептер мәселесі 2015 жылы шешіледі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов осылай мәлім етті.«Алдағы жылдың соңына қарай апатты мектептер мәселесін толық шешуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін 90 және 300 орынға арналған екі орта мектептердің құрылысы жүріп жатыр», - деді өңір басшысы.

Әкімнің айтуынша, бүгінде үш ауысымда оқыту екі мектепте жүргізілуде.

Әкімдік мәліметінше,  Тайынша қаласы мен Новоишим ауылында үш ауысымды мектеп орнына екі мектепке жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалған. Қажетті құжаттар 2015 жылға құрылысты бастауды жоспарлаумен келісу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігіне жіберілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе