Елордада 5 мыңнан астам бүлдіршін «Мұзбалақ» фильмін тегін тамашалады

Елордадағы «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Мұзбалақ» анимациялық фильмін 5 600  бүлдіршін тамашалады, деп тілшісі.

Еске сала кетсек, астаналық балалардың «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алатыны кеше хабарланған болатын.

«Наурыз мейрамын жаңа форматта мерекелеуді ұсынған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атап өткендей, Наурыз мейрамы балаларға арналуы тиіс. Наурызды тойлау арқылы біз бар жақсылығымызды, шарапатымызды бүлдіршіндерге арнауымыз керек. Сол кезде ғана мейрамның мағынасы тереңдей түспек. Осы орайда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Наурыз мерекесіне орай көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері, мүгедек балалар үшін мәдени іс-шаралардың кешенін ұйымдастырды», - делінген министрліктің хабарламасында.

22 және 24 наурыз күндері «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Мұзбалақ» мультфильмі қазақ және орыс тілдерінде көрсетілді. Бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайтын бұл мультфильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. Қазақ анимациялық кино өнерінің озық туындыларына жататын «Қазақфильм» АҚ мультфильмі кішкентай бүлдіршіндердің көңілінен шықты. Ата-аналар да игі іс-шараның ұйымдастырушыларына өз алғыстарын жеткізді.

«Мультфильмнің көрсетіліміне 5 600 бала, оның ішінде көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасы балалары, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері, мүгедек балалар да қатысты. Наурыз мерекесі аясында балаларға отандық кино өнерінің туындыларын ұсыну бастамасы Наурыздың жаңа тұрпатта тойлануына үлес қоспақ. Ұйымдастырушылар мереке қарсаңында бүлдіршіндерге арналған осындай сапалы әрі тәлім-тәрбиелік мәні зор үлкен жобалар өзінің жалғасын табатынын жеткізді», - деп хабарлайды министрліктен.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе