Алматыда білім беру саласына еліміздегі кейбір облыстарының бюджетінің тең жартысын құрайтын қаржы бөлінуде - Ахметжан Есімов

АЛМАТЫ. 20 сәАлматыда биыл білім беру саласына қала бюджетінің 23 пайызы бөлініп отыр. Бұл бүгін Алматы қаласы дамуының алғашқы тоқсандағы қорытындысына арналған жиында сөз болды.«Білім саласын қаржыландыруды биыл 20 миллиард теңгеге ұлғайттық. Бұл қала бюджетінің 23 пайызын құрайды.  Кейбір облыстардың бюджеті 70 миллиард теңге екенін ескерсек, бұл қомақты қаржы. Біз енді білім беру жүйесінің осыған барабар жақсаруын күтеміз. Қазір кәсіби-техникалық білім беруді жақсарту жұмыстары  белсенді жасалуда.  Біздің сұхбаттарымыз бен нақты әрекеттеріміз өз нәтижесін беруде», - деді қала әкімі Ахметжан Есімов. А. Смағұлұлының айтуынша,  кәсіптік-техикалық  білім беруді дамытудың аймақтық кеңесі мемлекеттік органдардың, білім беру орындары мен жұмыс берушілердің  жұмысын дұрыс үйлестіреді деген сенім мол. Жұмыс берушілердің 8 бірлестігімен меморандум жасалды.  Бұл бағыттағы жұмысты алдағы уақытта жеделдету қажет.

«Жоғары және орта оқу орындарының жатақханаларының құрылымы мәселесін де жеделдету қажет. Қажетті жер телімдерін бөліп, Білім және ғылым министрлігіне ұсыныстарымызды бердік. Өткен жылы мамыр айында Елбасы дәл осы залда берген тапсырма әлі орындалмай отыр. Сондықтан орынбасарларым Серік Сейдуманов, Виктор Долженковқа және білім басқармасының бастығына оны әрдайым өз қадағалауына  алуға тапсырма беремін. Бұл мәселені шешуге қатысты тиісті шаралар қабылдап, министрлікке сұрау салынсын. Біз Президент әкімшілігіне берілген тапсырма бойынша өткенн 1 жылда жасалған жұмыстың есебін беруіміз керек», - дейді А.Есімов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе