Елордада ерекше балаларды оқытатын білікті кадрлар жетіспейді

– Елордада 325 балаға есептелген «№1 арнайы мектеп-интернатта» 527 адам оқиды, деп . Парламент Сенатының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, депутат Еділ Мамытбеков қалалық мәслихат депутаттарымен бірге елорданы аралап, №95 бөбекжай-бақшасында, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар орталығында және «№1 арнайы мектеп-интернатта» болды. Бүгінде 325 баланы оқытуға есептелген мектеп-интернатта 527 адам оқиды. Жалпы Нұр-Сұлтанда аутизм, церебералды сал ауруы, есту, көру органдарының және басқа да сырқаттары бар 9 мыңнан астам бала тұрады. Мәслихат депутаты З.Жүсіпованың айтуынша, жалпы білім беретін мектептер білікті кадрлардың жетіспеушілігінен ерекше балаларды оқытуға дайын емес. Е.Мамытбеков арнайы мектептердің жетіспеуі мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажеттігі туралы тиісті органдарға депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді. Сенатор сондай-ақ жаңа теннис орталығының жұмысымен танысып, I-5 (Жастар) ауданындағы жаңбыр суын тазарту кәрізінің құрылысымен танысты. Бұдан бөлек, Еділ Мамытбеков Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті. Депутат Парламенттің заң шығару қызметі туралы хабардар етіп, қабылданған заңдар жайында егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтары мен орындалу барысы түсіндірілді. Кездесу барысында қоғамдық бірлестіктердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды орындау мәселесі де көтерілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе