Алматының үздік мұғалімдері пәтер, автокөлік және 1 млн теңге үшін бақ сынайды

– Алматыда орта білім беретін ұйымдар мұғалімдері арасында «Алматының жыл мұғалімі» байқауы басталды, деп тілшісі.

Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, байқауға 5 жылдан аса үздіксіз еңбек өтілі бар орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысып жатыр. Міндетті шарт – конкурсқа қатысушы мұғалім өзін ұсынған мектепте кемінде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс. Байқау үш кезеңде мектепішілік, аудандық және қалалық деңгейде өткізіледі. «Жеңімпаз конкурстық комиссияның бағалауы және қоғамдық пікірдің қосындысы арқылы (республикалық телеканалда көрермендердің берген дауыстары) анықталады. Конкурстың мектепішілік кезеңіне 205 мектепте 709 мұғалім қатысты. Екінші кезеңге әрбір мектеп 2 жеңімпаздан ұсынды. Екінші кезеңге қатысқан мұғалімдердің саны 410 болды. Қалалық кезеңге әрбір аудан үздік 5 мұғалімнен ұсынады. Сонымен, Алматының үздік жыл мұғалімі атағына мегаполистің 8 ауданынан 40 мұғалім қатысады», - деді қалалық әкімдіктен. Конкурстық комиссия педагогикалық, психологиялық және әдістемелік саланың ғалымдарынан, республикалық «Үздік педагог» конкурстарының жеңімпаздарынан, ардагер-ұстаздардан, жаңашыл-педагогтер, әдіскерлерден және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құрылды. Конкурстың гран-При иегеріне «Алматының жыл мұғалімі» атағы беріледі. Гран-При – бір бөлмелі пәтер, І орын – автомобиль, ІІ орын – 2,5 млн теңге, ІІІ орын – 1 млн теңге беріледі. Конкурстың жеңімпаздары жыл сайынғы «Мұғалімдер күні» мерекесінің салтанатында марапатталады. «Алматы қаласының білім басқармасы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсыруымен және қолдауымен орта білім беру ұйымдары мұғалімдеріне «Алматының жыл мұғалімі» атағын беру үшін конкурс өткізіп отыр. Бұл конкурс қоғамда педагог мәртебесін көтеруге, кәсіби және әлеуметтік келбетін қалыптастыруға, талантты мұғалімдерді анықтау, оларға қолдау көрсету мен марапаттауға, педагогикалық шығармашылыққа ынталандыруға бағытталған», - деді Алматы қаласы білім басқармасының білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Андрей Дупик.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе