Батыс Қазақстанда биыл екі білім беру нысанын күрделі жөндеу жоспарлануда

ОРАЛ. 26 сәБатыс Қазақстан облысында биыл екі білім беру нысанын күрделі жөндеу жоспарлануда.Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда,  2012 жылы сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық аясында 30 химия кабинетін сатып алу көзделуде.

Өңірде білім беру бюджеті 36,5 млрд. теңгені құрайды.

Облыста 426 мектеп, 140 балабақша, 30 мектеп-балабақша кешені, 284 шағын орталық, 56 мектептен тыс мекеме, 39 кәсіптік лицей мен колледж жұмыс жасайды.

Жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық кабинеттердің компьютерлерін қоса есептегенде 9352 компьютер бар немесе бір компьютерге 9 оқушыдан келеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе