Зертханалар ИнЕУ инженерлік академиясының түлектері өңдеп шығарған жабдықтармен жарақтандырылуда

ПАВЛОДАР. 11 «Электроэнергетика» кафедрасының сырттай оқыту бөлімі түлектерінің жобалары негіздеріне тәжірибелік мәселелерді шешу жолдарын ұсынатын ғылыми зерттеулер кірді,деп хабарлады Павлодар қаласының Инновациялық Еуразиялық университетінің баспасөз қызметінен.

 «Болашақ инженерлер - техникалық мамандықтардың студентері электротехникалық аппаратура мен жабдықтарды жақсы біліп, олардың түрлі режімдердегі жұмысын зерттейді. Өткен жылы сырттай оқыту факультетінің студенттері А. және М.Макаровтардың жобасы бойынша электрмен жабдықтау жүйелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алғашқы көпфункционалдық зертханалық кешені әзірленді», - деп атап өтті кафедраның меңгерушісі, техникалық ғылымдардың докторы, професссор Елена Иванова.

 Түлектер өздерінің өңдеулерін ғылыми-зерттеушілік мақсаттарда, ИнЕу магистранттары мен студенттерін оқыту үшін, павлодарлық кәсіпорындардың электртехникалық қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру үшін қолдануды ұсынады.

 Құрылған оқу-тәжірибелік кешеннің нарықтағы бағдарлы бағасы - шамамен 1,2 млн. теңге. Бұл түлектердің жоғары оқу орнына үлкен сыйлығы болып табылады, деп хабарлады Е.Иванова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе