Нобель сыйлығының 6 иегерін шығарған ІВМ корпорациясы Алматыда академиялық орталығын ашты

АЛМАТЫ. 25 IBM корпорациясы Алматыдағы  Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде  Қазақстандағы алғашқы ІВМ академиялық орталығын ашты.Бүгін осыған орай IBM корпорациясы  мен жоғары оқу орны арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті. Академиялық орталық ҚазҰТУ құрамындағы Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының, оқу орнының жүйелер мен желілерді бағдарламамен қамтамасыз ету кафедрасының өзге де  институттармен және кафедралармен бірлесе жұмыс жасауының арқасында ашылды.

Жаңа орталықтың қызметінің негізгі бағыттары: ІВМ технологияларын пайдалана отырып оқу үрдісіне жаңа оқу пәндерін енгізуді қарастыру. ІВМ технологиялары мен оқу әдістемеліктерін пайдалану арқылы оқу материалдарын жасау және әзірлеу. ІВМ-нің озық үлгідегі ақпараттық технологияларына оқыту. Орталық шеңберінде ҚазҰТУ-дың, басқа да жоғары оқу орындары мен ұйымдарының мамандарын (оқытушыларды, студенттерді, магистранттар мен РhD докторанттарын) даярлау және қайта даярлау. ІВМ-нің академиялық біліктілік бағдарламасына қатысу (студенттердің ІВМ сертификаттарын алуы). ІВМ корпорациясы қызметкерлерінің өз қызметтеріндегі жаңалықтар туралы тұрақты семинарлар өткізіп отыруы. ІВМ өткізетін гранттық конкурстарға ҚазҰТУ мамандарының қатысуы. Оқуды және бизнесті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін меңгеру жөніндегі тақырыптық зерттеулер жүргізу және тағы басқалар.

ІВМ корпорациясы ақпараттық технологиялық  сервистер мен консалтингті қызмет көрсету, қажетті бағдарламамен қамтамасыз ету жөнінде әлемде бірден-бір жетекші өндірісші болып табылады. Ол ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетуге, мамандарын ынталандыруға жыл сайынғы 6 млрд. долларға жуық инвестиция жұмсайды.  Соның нәтижесінде осы уақытқа дейін корпорацияның 6 қызметкері Нобель  сыйлығының иегері атанды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе