Жобалау менеджерлеріне деген сұраныс ұсыныстан едәуір жоғары - Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Ж. Әділов

АЛМАТЫ. 4 «Қазақстанда қазір жобалау менеджерлерін дайындайтын жоғары оқу орындарының мүмкіндігі шектеулі.Сондықтан ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмауда». Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділов  бүгін Алматыда өтіп жатқан «Орталық Азиядағы жобаларды басқару. Инновациялық технологиялар» ІІ Халықаралық форумында осылай мәлім етті.

«Біздің оқу орнымыз Қазақстанда бірінші боп магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша жобалық басқару саласындағы мамандарды дайындай бастаған еді.  Қазір біздің қатарымызға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық, Қазақ-Британ  және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеттері қосылды. Алайда жобалық менеджерлерге деген сұраныс  жоғары оқу орындарының таяу жылдары әзірлейтін мамандарына деген ұсыныстан айтарлықтай жоғары», - дейді экономика ғылымының докторы, Халықаралық ақпараттандыру ғылымдары академиясының академигі  Ж. Әділов. Оның айтуынша, тығырықтан шығу үшін жобалау менеджерлерін дайындайтын оқу орындары мен оларға  бөлінетін  мемлекеттік гранттардың санын көбейту қажет. Бұл мәселе бұл форумда жан-жақты талқыланып, аймақтағы жобалау менедженті мәдениетін дамыту үдерісіне баға берілуі тиіс.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе