АЭФ: Оқуда озат баланы тәрбиелеу үшін не істеу керек

Астана экономикалық форумында үздіксіз білім беру мәселесі талқыланды. Осы орайда The Boston Consulting Group сарапшысы Ләйля Әбдімомынова өз тәжірибесімен бөлісті, деп xтілшісі."Үздіксіз білімнің пайдасын дәлелдеудің қажеті жоқ. Оның арқасында адам өз өмірін жеңілдете алады, табысы да көп болады. Мәселен, қазіргі кезде бізге үш жастан бастап (балабақшада - авт.) білім бере бастайды. Алайда үш жасқа дейін де білім беруді жүргізу керек. Сонда баланың қарым-қабілеті де, дүниетанымы да кең болады. Қазақстанда үш жастан алты жасқа дейін білім беру жүйесі бар. Бірақ үш жасқа дейінгі білім беру шаралары қарастырылмаған. Сондықтан ата-аналар дәл осы мәселеге жіті көңіл бөлуі тиіс", - дейді Л.Әбдімомынова.

Оның айтуынша, үш жасқа дейінгі білім баланың одан кейінгі жетістіктеріне де айтарлықтай ықпал тигізеді. Сондықтан балаға ұялы телефонды беріп қоймай, сапалы білім алуына жағдай жасау қажет. "Балаларға маңызды мәселелерді айту керек. Өз әріптесіңмен қалай сөйлесесің, тура солай кез келген нәрсені талқылап отырған жөн. Себебі қазіргі қарқынды экономикалық-теxнологиялық даму дәуірі кезінде өмірге барынша бейім болуы керек. Білім әрбір бес жыл сайын жаңарып отырады. Соған дайын болуымыз қажет. Ол үшін үнемі оқу қажет. Аптасына, кем дегенде, он сағатты білімді жетілдіруге арнау керек", - деп атап көрсетті Л.Әбдімомынова.

Сарапшы бұрынғы және қазіргі білім беру жүйесін де салыстырды. "Қазіргі балалар сұрақ қоя алады. Сындарлы ойлау қабілеттері де жақсы дамыған. Сосын олар командада жұмыс істей алады. Біз болсақ, тапсырманы үйге алып кетіп, өз бетімізбен істейтінбіз. Бүгінгі балаларға нақты сұрақтар қойылады. Содан олар ізденіске кіріседі. Мәселен, менің қызым семинарға қатысу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізе алады", - деді Л.Әбдімомынова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе