Павлодар педагогикалық институты - трансшекаралық білімді дамыту бойынша жоғары оқу орындарының Қауымдастығын құрушылар қатарында

ПАВЛОДАР. 26 Павлодар педагогикалық институты трансшекаралық білімді дамыту бойынша жоғары оқу орындарының Қауымдастығының мүшесі болды,деп хабарлады ПМПИ баспасөз қызметінен.

 Ол 22 мамыр күні Омск қаласында аяқталған Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ІІ форумында құрылды.

 Оған Павлодар педагогикалық институты, Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы, Омбы және Томск педагогикалық институттары кірді.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты - педагогикалық білім берудің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Оған мүшелік павлодарлық институт алдында академиялық мобильділікте, біріккен білім берушілік бағдарламаларды өндеуде, ғылыми зерттеулерді өткізуде жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Қауымдастық қызметінің бағдарламасында - шағын мектептерді ғылыми-әдістемелік және психологиялық-педагогикалық қостау, серіктес ЖОО-ның ғылыми жұмыстарының нәтижелерін саралап тәжірибеге енгізу, студенттер және оқытушылармен академиялық ауысу, үздіксіз білім берудің көкейкесті мәселелерін зерттеу бойынша халықаралық ғылыми зертхананы құру.

Төрт шекаралық ЖОО-ның ғалымдары мен студенттері семинарларды, конференциялар мен симпозиумдарды, спорттық және студенттік олимпиадаларды, ғаламтор-конференцияларын, ғылыми жобалар байқауларын бірігіп өткізеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе