XII Сәтбаев оқуларына Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің 15 қаласынан 1797 зерттеу материалдары келіп түсті

ПАВЛОДАР. 13 сәБүгін Павлодарда «XII Сәтбаев оқулары» ғылыми конференция өз жұмысын аяқтайды, деп хабарлады Павлодар мемлекеттің университетінің баспасөз қызметі.Оған ғалымдар, Қазақстан, Ресей мен Белоруссия және басқа да елдердің студенттері мен оқушылары қатысты.

 Аудиторияларда қатарынан 90 секция жұмыс істеді, жариялымға 15 мемлекеттен 1797 мақала келіп түсті. Бірінші қазақ академигінің бай ғылыми мұрасын зерттеуге арналған конференция материалдары 26 том болып шығарылды.

  «ПМУ-де ғұлама ғалымның ғылыми және мәдени мұрасына ерекше ден қояды. «Сәтбаев оқулары» ғылыми брендке айналды. Жыл сайын конференцияға қатысушылардың ауқымы кеңеюде, оған келетін отандық және шет елдік әріптестер мен жас ғалымдардың саны артып отыр», - деді ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Роза Қадысова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе