Әйгілі әл-Азһар университетінің шейхы Бас мүфтимен жүздесті

АСТАНА. 28 Мұсылман әлемінің әйгілі дін ғұламалары ілім алған, талай діндарлар түлеп ұшқан,дәстүрлі Исламды жоғары деңгейде оқытатын жаңашыл озық оқу орны мәшһүр әл-Азһар университетінің шейхы, Бас имам Ахмет ат-Тайып Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазретпен кездесті. Бұл туралы  ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

 Жүздесу барысында Қазақстан мен Египет Араб Республикасының дін саласындағы байланысы, оқу-ағарту бағыты бойынша әріптестік қарым-қатынастары сөз болды. Қалыптасқан дәстүрлі уағдаластықтар мен  екіжақты келісімдерді жандандырып, оны жүйелі жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Бүгінде 170-тен астам қазақ жастары Египетте дәстүрлі ислами іліммен сусындауда. Ал 14 мысырлық дін ғалымдары еліміздің медреселерінде шәкірттерге дәріс береді.

Кездесуде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы шейх Ахмет ат-Тайыпқа Қазақстанға ресми сапармен келуді ұсынды. Әл-Азһар бас имамы бұл шақыртуды қабыл алып, елімізге іссапармен келуге уәде етті.

Айта кетейік, Ержан қажы Маямеровәл-Азһар университетінің Шариғат және заң факультетін 2006 жылы бітірген қазақстандық тұңғыш түлектердің бірі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе