Норвегиялық бағдарлама аясында 30-ға тарта энергоаудит маманы даярлықтан өтті

АСТАНА. 18 сәНорвегиялық бағдарлама аясында 30-ға жуық қазақстандық инженер мен сарапшы ғимараттарға энергетоаудит жүргізудің әдістерін үйренді.Бүгін Астанада аталмыш курстардан өткен алғашқы түлектерге арнайы дипломдар табыс етілді.

 4 сессиядан тұратын бағдарлама 2011 жылдың қараша айында басталған болатын. Курс С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің базасында ENSI компаниясымен өткізілді.

 Қазақстандағы Норвегия Елшісі Даг Мальмер Халворсеннің айтуынша, бағдарлама Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығын дамыту туралы келісімшарттың аясында қолға алынды. «Меніңше бұл қазақстандық сарапшылардың білімін кеңейтуге мол мүмкіндік береді және осы елдегі энергоунемдеу саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді», - дейді Елші.

 «Әлемде энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігі байқалуда және Қазақстан өзінің сарқылмас байлығына қарамастан, энергоүнемдеу саласында шет қалмау тиіс. Себебі бұл тек мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігі ғана емес, сонымен бірге халықтың әл-ауқаты», - деп есептейді бағдарлама жетекшісі Трун Далсвен.

 Еске сала кетейік, биыл қаңтарда Мемлекет басшысы «Энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру туралы» Заңға қол қойған болатын. Қазіргі уақытта елде 1,5 мың өнеркәсіптік нысан мен 28 мың бюджеттік ұйымның ғимараты энергоүнемдеу бойынша аудит жүргізуді қажет етеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе