Елімізде 200 апатты мектеп бар - ҚР Білім және ғылым министрі

АСТАНА. 16 Елімізде 200 апатты мектеп бар. Бұл туралы «КТК» телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасында қонақ болған ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.Оның атап өтуінше, осы жылдың ішінде ғана республика аумағында шамамен 150 мектеп салынған. Ал жаңа бюджетте тағы да үлкен 50 мектеп салу қарастырылып отыр. Бұл ретте айта кетерлігі, 500-ден артық орынды мектептердің құрылысы республикалық, ал 200-ге дейін орынды мектептер жергілікті бюджет есебінен салынады.

«2012 жылы облыстар шамамен 70 апатты мектеп бар екендігін хабарлаған болатын. Ал Білім және ғылым министрлігі өзінің бақылау департаменттері арқылы тексеру жүргізгенде апатты мектептердің саны 200-ге жетті», - деді А.Сәрінжіпов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе