Азиялық технология институты 2010 жылы Қазақстанда филиалын ашуды жоспарлап отыр

АСТАНА. Қарашаның 13/Марлан Жиембай/ - Таиланд корольдігінің Азиялық технология институты 2010 жылы Қазақстанда филиалын ашуды жоспарлап отыр. Бұл жайында бүгін елордада аталған білім ордасының 50 жылдық мерейтойына орай өткізілген баспасөз мәслихатында мәлім болды,деп .

Баспасөз мәслихатына қатысқан Азиялық технология институтының президенті Саид Ирандосттың айтуынша, қазіргі  уақытта институт ғылым мен техника саласындағы жоғары білім беруге  Орта Азия елдерін тартуды көздеп отыр. Себебі бұл білім ордасының ұзақмерзімді миссиясы болып табылады.

Аталған шараға «Астананың жаңа университеті» АҚ-ның бірінші вице-президенті Мақсат Мамашев та қатысты. Мәслихат барысында академиялық және зерттеу қызметі туралы «Астананың жаңа университеті» АҚ-ы мен Азиялық технология институты арасындағы өзара қарым-қатынас меморандумына қол қойылды.  

Азиялық технология институты Таиланд Корольдігінің Бангкок қаласында орналасқан. Бұл жоғары оқу орны Азия-Тынық мұхиты аймағындағы инженерлік, технология, менеджмент, сонымен қатар тұрақты даму салалары бойынша алдыңғы қатарлы институттардың бірі болып саналады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе