Оралда Еуразиялық интеграция мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтуде

ОРАЛ. 26 26 наурыз күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Еуразиялық интерация: инновациялық бағдарламаларды жүзеге асырудағы ғылым мен білімнің рөлі» тақырыбында халықаралықғылыми-практикалық конференция басталды.

ТМД елдерінің ғалымдары бас қосқан жиынды ашқан аталмыш оқу орнының ректоры Қазыбай Бозымов өткен жылдың соңында Астанада еліміздің ЖОО-лары әлемдік жетекші университеттермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын айтты. Бүгінгі жиын соның жалғасы іспеттес.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің атап өткеніндей, елімізде білім мен ғылым саласында көптеген іргелі істер қолға алынған. «Елбасымыз өз Жолдауында ғылым мен өндірістің жүйелі байланысына баса назар аударып отыр, - деді ол. Ғылымға сүйенген елдің экономикасының берік болатынын әлемдік тәжірибе көрсетуде. Соған орай елімізде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қабылданды. Осы бағытта өткен жылдың өзінде облысымызда 157 млрд. теңгенің 11 жобасы жүзеге асты».

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының түлегі, қазір Санкт-Петербург мемлекеттік ветеринариялық медицина академиясының ректоры қызметін атқарып жүрген Анатолий Стекольниковтың айтуынша, академия қазақстандық он шақты ЖОО-мен тығыз қарым-қатынаста. Еліміздің сегіз жігіті бүгінде бұл оқу орнының студенті болып жүрсе,  он адам аспирантурада оқуда. Одан бөлек жыл сайын көптеген қазақстандық мал дәрігері келіп, біліктілігін шыңдап кетеді.

Ал И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің проректоры Эмиль Каниметов елдегі экономикалық жағдайға байланысты ЖОО-лардың материалдық-техникалық базасы дами алмай тұрғанын жеткізді. Сол себепті олар агротехникалық саладағы мамандарының біліктілігін жетілдіру үшін БҚАТУ-ға жіберуге мүдделі.

Конференция жұмысы ертең де жалғасады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе