Қытай ғылым академиясының тұңғыш қазақстандық магистранты отандастарын ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қытай ғылым академиясы Инновациялық технологиялар институтының тұңғыш қазақстандық магистранты Нұрсұлтан Қалқұлов ҚХР-дағы қазақстандық жастардың атынан отандастарын келе жатқан ҚР Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтады. «Жерлестерімді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Туған еліміздің өркендей беруін тілеймін. Қазақстан, алға! Әр отбасына мықты денсаулық, бақыт тілеймін, әрқашан да мақсаттарына жете берсін», - деді ол.

ОҚО Сарыағаш қаласының тумасы Н. Қалқұлов «Мұнай саласында инновациялық технологиялар» мамандығы бойынша білім алуда. Ол Қытай мұнай-газ университетін үздік аяқтаған, ҚХР-дағы қазақстандық студентер ассоциациясының ЖОО бөлімшесінің төрағасы болған.

Айта кетейік, шетелде біліп алып жүрген 50 мыңнан астам қазақстандық студенттердің 11 мың 200 адамы ҚХР-да білім алып жатыр (Бейжің - 4 мыңға жуық, Үрімші - 1250, Шанхай - 800, Сиан - 700,  Гуанчжоу - 500, Ухан - 400, Нанкин, Ланьчжоу, Харбин -150 адамнан, Циндао - 100-ге жуық, Құлжада - 150, Шихэцзы -  100-ге жуық, Сямэнде 25 адам). Соңғы 10 жыл ішінде қытайлық ЖОО-ларды 2 мыңға жуық қазақстандық студенттер тәмамадаған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе