Карантин: Компьютері мен интернеті жоқ студенттер қашықтан қалай оқиды

Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова интернеті мен компьютері жоқ студенттер қашықтан қалай оқитынын түсіндірді, деп тілшісі.

«Бізде 8 колледждің 108 студентінде смартфон жоқ. Студенттер қашықтан оқуға жіберілер кезде оқытушылар оларға арнайы материалдар таратқан. Олар «Қазпошта» арқылы және басқа да жолдармен ұстаздармен байланыста отыр», - деді ол. Г.Айтқұлованың айтуынша, педагогтар білім беруді үйлерінен жүргізіп отыр. «Менің ойымша, барлық оқытушыда ноутбук пен смартфон бар. Қазір білім басқармасы оқытушылардың қолындағы техника санын бақылауға алды», - деді басқарма басшысының орынбасары. Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавируске шалдыққан 35 адам анықталды. Оның ішінде 17 жағдай - Алматыда, 18 факті - Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе