«Қазақстан темір жолы» 2020 жылға дейін 10 мың қызметкерін оқытпақ

АСТАНА. 13 сә«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 10 мыңға жуық қызметкері 8 жылдың ішінде қосымша білім алады, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.Бұл - компанияның 2020 жылға дейін қызметкерлерге білім беру бағдарламасының мақсаты.Былтырғы жылдардың оқыту тәжірибесін ескере отырып, 2012-2020 жылдарға арналған жаңа оқу бағдарламасының шеңберінде бірнеше бағытта жоспар құрылған: әлемнің жетекші оқу орындарының оқытушылары мен теміржол сарапшыларын тарта отырып, басшыларға модульді білім беру, шетелге магистратура бағдарламасы бойынша оқуға жіберіп,  тағылымдама, тренингтерге, тілдік курстарға қатыстыру.Модульді білім беру (әр пән курсы бірнеше күнге созылады) орталық аппарат пен аймақтардағы 3 500 басшыны қамтиды деп жоспарлануда.  2012 жылы маусым мен қыркүйек айларының аралығында компания мен оның филиалдарының басқарушы қызметкерлері, оның ішінде жол бөлімшелері мен магистральдық желі директорлары білім алады. Қыркүйектен қараша айына дейін 50 қызметкерге шетелде тренинг пен тағылымдамалар ұйымдастырылмақ.Модульді білім беру Астанада жаңа Оқу орталығының ашылған соң жүргізіледі. Білім берудегі басым бағыттар - стратегиялық менеджмент, тиімділікті басқару, жобалық менеджмент, операциялық менеджмент, көшбасшылық, ұйымдасқан даму, логистика, көліктік құрылыс және тағы басқалары.Сонымен қатар бағдарлама аясында аймақтарды қоса алғанда компания 5 мың қызметкерлерге ағылшын тілі курстары қарастырылған. 2012 жылы Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент пен Қарағанды қалаларындағы 260 теміржолшы ағылшын тілі курстарына қатысады.  Магистратурада білім алу үшін конкурстық негізде гранттар бөлінеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе