Биыл «Жас ұлан» мектебін 75 тәрбиеленуші бітіреді (ФОТО)

Кезекті оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебін 75 тәрбиеленуші бітіреді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.Оқуды бітіруші ұландықтардың алдында екі маңызды міндет тұр. Бұл - бірыңғай ұлттық тест тапсыру және мамандық таңдау. Мектепте оқушылардың ҰБТ-ға даярлық деңгейі айына 3-4 рет тексеріліп, сынақ тестілеу тапсырады. Сонымен бірге бітірушілер арасында мамандыққа бағыттау жұмыстары жүргізілуде. Статистика бойынша «Жас ұлан» түлектерінің шамамен 90-95% әскери маман болуды таңдайды. Әскери тәртіп, дене және жауынгерлік даярлық, сап түзеу, тәртіптілік және жинақылық - барлығы ұландықтарды азаматтық мектеп оқушыларынан ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, әскери оқу орнына түсуге септігін тигізеді. Өз өмірлерін әскери қызметпен байланыстырғысы келетін балалар «Жас ұлан» мектебінде тәлім-тәрбие алады.

Қазір аталған мектепте 449 ұлан білім алуда. Өткен жылы мектепті 67 ұлан бітіріп шықты. Бүгінде олар Құрлық әскерлерінің әскери институтында, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында, Радиоэлектроника және байланыс әскери институтында, ҚР ҰҚК, ТЖМ және ІІМ жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Ресей, Беларусь және Қытай елдерінің Қорғаныс министрілігіне қарасты жоғарғы әскери оқу орындарында білім алуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе