С.Ахметов Білім министріне бір айдың ішінде ЖОО-ларды оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды

АСТАНА. 31  Премьер-Министр Білім және ғылым министріне бір айдың ішінде еліміздің жоғары оқу орындарын оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.

Бұл тапсырманы Үкімет басшысы Серік Ахметов аталған ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде жүктеді.

Үкімет бысшысы жоғары білім саласындағы сапа бойынша министрлік тиісті қадамдар жасауы керектігін айта келе, тәуелсіз күшті аккредитация немесе тиісті лицензиялау шаралары өткізілуі керектігін жеткізді.

«Мен Білім және ғылым министріне бір айдың ішінде еліміздің жоғары оқу орындарын оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын. Бұл тұрғыдағы мақсат-міндетті Мемлекет басшысы жүктеп отыр»,-деп атап өтті Премьер-Министр.

Үкімет басшысы жоғары білім саласында мамандықтарды нарықтағы сұранысқа қарай негіздеу керектігін айттты.

«Жекеменшік жоғары оқу орындары бізге әрине керек. Алайда, олар сапалы білім беруі шарт»,-деп тапсырды С. Ахметов.

Бұдан бұрын министрлік былтыр 149 университеттің 10-ы жабылғандығын, сондай-ақ биыл сапасы көңіл көншітпейтін оқу орындарын біріктіру немесе жабу шаралары қабылданатынын хабарлаған болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе