Алматы мен Франция арасында білім саласындағы байланыс аясы кеңи түсуде

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов француз-қазақ университеті жобасының тұжырымдамасымен танысты.Жобаның тұсаукесерін Ресейдегі француз университеттері колледждерінің басшысы Марек Хальтер жасады.

Университтік жоба аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында француздық «Маркетинг» факультетін және Қазақ ұлттық аграрлық университеті базасында француздық «Агрономия» факультетін ашу, сонымен қатар медицина саласы бойынша танымал француз профессорлары мен зерттеушілерінің дәрістерін ұйымдастыру қарастырылған.

Қала басшысы білім саласында бірігіп жұмыс жасаудың аса маңызды екендігін айта келе, мысал ретінде Алматыда 2014 жылдың желтоқсан айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция Президенті Франсуа Олландтың қатысуымен Сорбонна институты филиалының ашылғанын жеткізді. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің базасында ашылған бұл институт «Париж қаласының Сорбоннасы» атты жоғары білім жөніндегі ғылыми орталықтың әлемдегі екінші, ал Орталық Азиядағы алғашқы филиалы болып саналады. Білім беру үдерісі Болон конвециясының талаптарына түгелдей дерлік жауап береді. Сабақты қазақстандық және француздық профессорлар жүргізеді.

«Алматы тек қаржы ғана емес, сонымен қатар білім және ғылым орталығы. Алматыда «Сорбонна» институты филиалының ашылуы біздің қаламыз, жалпы еліміз үшін айтарлықтай маңызды оқиға болды. Біз бірігіп атқарылатын бұл жұмысты одан әрі жалғастыратын боламыз, оның жарқын мысалы француз-қазақ университеті жобасының тұжырымдамасы», - деді Ахметжан Есімов.

Айта кетелік, Алматыда бүгінгі таңда 40 жоғары оқу орны орналасқан. Олардың төрттен бірі ұлттық дәрежедегі жоғары оқу орындары. Еліміздің әрбір үшінші ЖОО мен әрбір үшінші студенті Алматыда. 2015 жылдың басына қарай ресми мәлімет бойынша қаламызда 178 мың студент білім алуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе