Назарбаев орталығы мен Лихтенштейн қоры арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды

АСТАНА. 7 Кеше, 6 желтоқсанда Лихтенштейннің астанасы Вадуцтегі Вадуц  сарайында «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің директоры  Қанат Саудабаев пен Мемлекеттік басқаруды жақсарту жөніндегі Лихтенштейн қоры директорлар Кеңесінің төрағасы,Лихтенштейннің мәртебелі басқарушысы Князь Ханс-Адам ІІ және Лихтенштейннің мұрагері, мәртебелі Князь Алоиз арасында келіссөздер өтті. Келіссөздер барысында Қ. Саудабаев Лихтенштейннің басқарушы князiне Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын  ұсынды, онда атап айтқанда, былай делінген: «Қазақстан Лихтенштейн Княздігімен, соның ішінде Лихтенштейннің мемлекеттік басқару жөніндегі қорымен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді. Қордың Қазақстандағы негізгі әріптесі ретінде көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық Назарбаев орталығы белгіленді. Бұл мекеменің мақсаты Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуына, еліміздің халықаралық ынтымақтастығын ілгерілетуге жәрдемдесу болып табылады».

Жолдауда көрсетілгендей, «қазіргі таңда Қазақстан мемлекеттік қызметтің ауқымды реформасын жүзеге асыруда. Бұл шара мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Осы орайда Қазақстанға мемлекеттік басқарудың түрлі салаларындағы ең озық тәжірибе, білім және ноу-хау үлгілерін алып келуге мүдделіміз. Сіздің өзекті әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және мәдени үндеулерді шешуде жаңа көзқарастарға басымдық беретін өңірлік бастамалардың қажеттігі туралы пікіріңізді қолдаймын. Біздің екі институтымыздың арасындағы әріптестіктің орнауы Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың әрі кеңеюі мен нығаюына ықпал ететіндігіне, сондай-ақ бүкіл орталық-азиялық өңірдің тұрақты дамуына маңызды үлес қосатынына сенімдімін».

       Сонымен бiрге Мемлекет басшысы өз жолдауында  Ханс - Адам II ыңғайлы өзіңе ыңғайлы уақытта  Қазақстанға сапармен келуге  шақырды.

Әңгiме барысында Лихтенштейннің мәртебелі басқарушысы  "Президент Назарбаевтың дәйектi жетекшiлiгімен тәуелсiздiк жылдарындағы Қазақстанның динамикалық дамуын" жоғары бағалады. G-Globalдың платформасын бекіту бойынша Қазақстан басшысының ұсынысы талқыланып, әңгiмелесушiлер дүниелiк қаржы-экономикалық жүйенiң көркемдiк құрылысын анықтауға мемлекеттердi тартудың маңыздылығын атап өттi.

        Соңғы 20 жылда республика өткiзiлген көлемді реформалары туралы айта келіп, сонымен бiрге Ханс-Адам  II көп ұлтты және поликонфессионалды қоғамда  келiсiм мен бейбітшілікті сақтаудағы Қазақстанның жетiстiктерiн ерекше атап өттi. Сонымен бiрге Лихтенштейн басшысы Қазақстанға шақыру сапарын алғыспен қабылдады.

        Келіссөздердің нәтижелері бойынша Назарбаев орталығы мен Мемлекеттік басқаруды жақсарту жөніндегі Лихтенштейн қоры арасында ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы Меморандум бекітілді. 

     Құжатқа Қазақстан тарапынан Қ. Саудабаев, лихтенштейн тарапынан мемлекеттік басқаруды жақсарту жөніндегі Лихтенштейн қорының директорлар Кеңесінің Төрағасы мәртебелі билеуші Князь Ханс-Адам ІІ және Лихтенштейннің мұрагері, мәртебелі Князі Алоиз  қол қойды.

       Меморандумда әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және демократиялық даму, бейбітшілік және өңірлік қауіпсіздікті нығайту тәрізді салаларда зерттеулер мен талдауларды қамтамасыз ету және ықпалдасу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу қарастырылған.  Сондай-ақ, құжат ғылыми зерттеулермен алмасуды және бірлескен ғылыми симпозиумдер, семинарлар мен конференцияларды және ынтымақтастықтың басқа да түрлерін ұйымдастыруды қарастырады. Аталмыш ынтымақтастықтың негізгі мақсаты - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың білім алуы жөніндегі  бағдарламаны қамтыған, кең көлемді, модульдық платформаны зерттеу және жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу, мамандардың және саяси көшбасшылардың құзіреттіліктерін арттыру, әрі мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту болып табылады.

Кездесу барысында мәртебелі билеуші Князь Ханс-Адам ІІ: «Мемлекеттік басқаруды жақсарту жөніндегі Лихтенштейн қоры мен Назарбаев орталығы арасындағы ынтымақтастық, шын мәнінде зияткерлік және тұрақты дамуға және білім алмасуға маңызды әрі қомақты үлес қосуға тырысқан екі мекеме арасындағы стратегиялық альянстың басталғанын білдіреді»,- деп атап өтті.

Өз кезегінде, Қанат Саудабаев: Назарбаев орталығы мен мемлекеттік басқаруды жақсарту жөніндегі Лихтенштейн қоры арасындағы бүгін қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум қазіргі таңда әлемде халқының өмір сүру деңгейі өте жоғары, инвестициялық мүмкіндіктері зор және прогрессивті банк-қаржы жүйесі бар Лихтенштейн елімен өзара тиімді серіктестікке қол жеткізу, жаңа тәуелсіз мемлекетті құру жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев стратегиясының табысты жүзеге асырылуының тағы бір дәлелі болып табылады.  Біз бұрынғы кеңестік мемлекеттердің ішінен Лихтенштейн қорымен мұндай ынтымақтастықты бірінші болып орнатқан ел екендігіміз жөніндегі фактіні жоғары бағалаймыз»,- деп атап өтті.

        Кездесуге қатысқан Лихтенштейн қорының кеңес мүшесi Дэниел Левин қор үшін мұндай стратегиялық ынтымақтастықтың жалпы теңдесі жоқ және қазіргі заманауи әлемде  мемлекеттің орны мен рөлі жөнінде екі ел басшысының стратегиялық көрегендігінің ұқсастығын көрсетеді деп атап өтті.

       Тараптар Меморандумға қол қоюдың Қазақстан Республикасы мен Лихтенштейн Княздығы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және дамыту үшін берік іргетас болатындығына сенім білдірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе