Экожобалар конкурсының жеңімпаздары 180 мың теңгеге ие болады

Астанада 27 маусымда «Қазақстандағы «жасыл» экономика: тәжірибе және жетістіктер» респбуликалық форумы мен «ЭКСПО 2017-ге» көзқарас» облыстық конкурсының жастар жобалары көрмесі өтеді.Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, конкурс қатысушылары көрмеге келушілерге өздерінің практикалық модельдерін ұсынады. Сондай-ақ БҰҰ ДБ Жаһандық экономикалық қорының  шағын гранттары бағдарламасын қаржылық қолдау арқылы соңғы 15 жыл ішінде ҚР-да жүзеге асырылған «жасыл» тақырыптағы үздік жұмыстар таныстырылады.

Конкурсқа Ақмола облысының жоғарғы сынып оқушылары мен колледждер студенттерінен 50 өтінім түсті. 21 өтінім конкурстың финалдық бөліміне өтті.  

Көрме нәтижелерімен қорытындылары шығарылып, 2014 жылғы экожобалар конкурсының жеңіпмпаздары марапатталады, грант иегерлеріне  180 000 теңге беріледі. . Жеңімпаздар өздерінің идеялары мен жобаларын одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Барлығы 12 грант бөлінеді, деп атап өтті ұйымдастырушылар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе