ЕҰУ-де «ашық есік күндері» өтеді

АСТАНА. 6 сәЕртең Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «ашық есік күндері» өтеді, деп хабарлады білім ордасының баспасөз қызметінен.

Шараның басты мақсаты - мектеп бітіруші түлектерді отандық білім беруде ең үздік болып отырған ЕҰУ-де білім алуға шақыру.

Ашық есік күніне Астана қаласының 65 мектебі, қалалық білім бөлімі, мектеп директорлары, ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады. ЕҰУ-дың бас ғимаратындағы «Астана» атриумынан мектеп бітіруші түлектер оқу орнындағы факультеттермен толық танысып, ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, былтыр 11 140 мектеп бітіруші түлек, оның ішінде 2 053 - «Алтын белгі» иегері, 268-і ғылыми жобалар мен республикалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері, сондай-ақ Қазақстанның барлық аймағынан және шетелдің азаматтары Еуразия университетінің студенті атанды. Осындай көрсеткіштер нәтижесінде ЕҰУ былтыр QS World University Rankings халықаралық рейтінгі жасаған сараптама нәтижесінде 450 жетекші университеттің қатарына енді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе