1 маусымда отбасы құндылықтарын дәріптеуге баса мән бергеніміз жөн - сарапшы

1 маусымда отбасы құндылықтарын дәріптеуге баса мән бергеніміз жөн. Мұндай пікірді «Жаңа ұрпақ» көшбасшылар мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов білдірді, деп тілшісі.«1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні дейміз. Дегенмен, мұның өзі де - сауал туындататын мәселе. Балаларды кімнен қорғамақпыз? Соғыс жоқ, адамның ар-ожданын таптап, құқығын бұзатын жаппай оқиғалар да орын алған емес. Меніңше, балаларды ең алдымен ата-анасынан, яғни олардың балаларына дұрыс тәрбие бере алмауынан қорғау қажет сияқты», - деді ол.Оның атап өтуінше, көптеген ата-ананың бойында орындалмай қалған арман, кішкентай кезіндегі өкпе-реніш қалып қойған. Олардың дәл сол комплексі балаларын тәрбиелеу ісінде кері әсерін тигізіп отыр.«Сондықтан ең алдымен Үкімет 1 маусым күнінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, отбасындағы ананың, әкенің, баланың рөліне, ұлды, қызды қалай тәрбилеу керектігіне қатысты сарапшыларды тарта отырып, жұмыс жүргізуі қажет. Өйткені, дәл осы мәселелер - бүгінгі қоғамымызда өте өзекті болып отыр. Өйткені, қазір ақпараттық технологиялар өте жылдам дамыған заман. Жасөспірім өмірі интернетпен біте қайнасып, ажырамас бөлігіне айналған. Балаларымыз ата-анадан емес, сол интернеттен тәлім-тәрбие алып жатыр. Бұл - өте күрделі мәселе. Сондықтан 1 маусымда отбасы институтын дәріптеуге баса мән берген жөн болар еді», - деді Асхат Әбжанов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе