Павлодарда атақты тарихшы-ғалым Ермұқан Бекмахановтың 100 жылдығы аталып өтті (ФОТО)

Павлодардың ғылыми жұртшылығы атақты отандық тарихшы Ермұқан Бекмахановтың 100 жылдығын атап өтті.«Отандық тарих ғылымының негізін салушы Ермұқанның мерейтойын Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі қарсаңында атап өтуіміздің мәні зор, - деп атап өтті республикалық ғылыми-практикалық конференцияны ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің проректоры, профессор Арман Ақышев. - Нақ осы Е.Бекмаханов алғашқы болып қазақ халқының ежелгі заманнан бастап жүйелі тарихын жазуды қолға алды».

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Өрсариевтің айтуынша, талантты ғалым өзінің қысқа өмірі ішінде қазіргі заманғы ғылымға орасан зор үлес қосты, Бехмаханов тағдыры тарихи ғылымы құрылған дәуірді бейнелейді, сондықтан да еліміздің барлық тарихшылары үшін бүгінгі күнді кәсіби мереке деп атауға болады».

ПМУ-да Е.Бекмаханов атындағы тарих және этнография ғылыми-практикалық орталығының негізі қаланды, оның қызметкерлері 15 жыл бойы ұлы ғалымның зерттеулерін жүйелеумен және зерделеумен айналысып келеді. Университет Бекмахановтың ғылыми еңбектерінің 7 томдық жинағын басып шығарды. Мерейтойға орталық қызметкерлері «Ермұқан және тарихи шындық» кітабын әзірлеп таныстырды.

Жиналғандар алдында сөз алған тарихшының қызы, ҚР БҒМ микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Нәдия Бекмаханова орталық ұжымына алғыс айтты.

«Сіздер 200-ден астам кітапты басып шығардыңыздар. Бұл менің әкемді және Павлодар ғалымдарын еске алуға арналған орасан  зор еңбек. Бұл жер көрнекті адамдардың және олардың  мұраларын көздің қарашығындай сақтап отырған жерлестерінің мекені, ең бастысы - бұл байлық жас ұрпаққа берілуде», - деді ол.

Ғылыми конференция аясында қонақтар «Е.Бекмахановтың 100 жылдық мерейтойына арналған тарих ғылымдары бойынша үздік ғылыми жұмыс» конкурсының қорытындыларымен студенттерді марапаттады. Руслан Қилаш осы конкурстың жеңімпазы атанды
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе