И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі

АСТАНА. 9 /Жасұлан Жолдыбаев/ - Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктерін енгізу жоспарлануда.Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов тұрғындармен есептік кездесуінде мәлім етті.

Әкімнің айтуынша, «Smart Астана» («Ақылды қала») технологиясы аясында жасалатын аталмыш ақпараттық жүйе оқушының мектепке қашан келіп, нешеде шыққандығын тіркейтін болады.

«Барлық ата-ана мектепте жүрген балаларын ұйымдайтынын білесіздер. Енді осындай куәліктер арқылы әрбір ата-ана өзінің баласының мектепке нешеде келгенін және қай уақытта кеткендігін біліп отырады. Оларға ақпарат «смс» арқылы телефонға немесе электронды поштаға келіп отырады», - дейді елорда басшысы.

Куәліктердің мүмкіндіктері уақыт өте келе кеңейе беретін болады. Жоспар бойынша, аталмыш жаңашылдық арқылы оқушылар қоғамдық көліктерде жол төлемдерін жасай алатын болады.

«Оқушылардың электрондық куәліктерін енгізу мектептердегі тәртіпті күшейтіп қана қоймай, баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де үлкен қолғабыс болмақ. Ата-аналар куәлік арқылы оқушының сабаққа қатысуын қадағалап, оның қайда жүргенін анықтай алады», - деп түйіндеді сөзін И. Тасмағамбетов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе