Берлинде Қазақстан студенттерінің алтыншы форумы өтті (ФОТО)

Берлинде Германиядағы Қазақстан Елшілігінің, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның және Германия академиялық алмасулар қызметінің (DAAD) ұйымдастырушылық қолдауымен Германиядағы қазақстандық студенттердің форумы өтті.Шараға Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов, Бундестаг депутаты Карин Штренц, ГФР СІМ елдік реферат директорының орынбасары Андреас фон Брандт, қазақстандық «Астана жастары» жастар орталығының, ГФР білім беру мекемелерінің жетекшілері мен өкілдері, сондай-ақ неміс университеттерінде әртүрлі мамандықтар бойынша оқып жатқан Қазақстан студенттері қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломат өзінің құттықтау сөзінде қатысушыларды Ұлт жоспарының негізгі мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырды.

Б.Нүсіпова «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда Қазақстанның жас ұрпағына - тәуелсіздік құрдастарына аса зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті, олар алған білімдерінің, кәсібиліктерінің, сондай-ақ Отанға берілгендіктерінің арқасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алға қойңғған мемлекетті дамыту мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге өз үлестерін қосулары тиіс. Осыған байланысты ол жастарды білім алу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

К.Штренцтің айтуынша, студенттерді осылайша кең ауқымда қолдаумен кез келген ел мақтана алмайды, соның арқасында әлемнің жетекші оқу орындарында білім алудың зор мүмкіндігі ашылып отыр. Неміс депутаты қазақстандықтарды биылғы жылғы тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады және Қазақстандық-германиялық қоғам төрағасы ретінде қазақстандық студенттерді екіжақты ынтымақтастық жобаларына белсене қатысуға шақырды.

Шара аясында оған қатысушылар белсене өзара пікір алмасты. Қазақстан жастарының өкілдері Мемлекет басшысына жас ұрпақтың кәсіби даярлығына және дамытуға тікелей өзі зор көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты. 1993 жылдан бастап Германияда әртүрлі мамандықтар бойынша, «Болашақ» бағдарламасының 300-ден астам стипендиаттары оқуларын аяқтады. 2008 жылы Берлинде «Болашақ»  халықаралық бағдарламалары орталығы» АҚ-ның ресми өкілдігі жұмыс жасайды.

Бұл күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Еуропаның беделді концерт залдарының бірі - берлиндік Columbia Theater концерт-холлында қазақстандық танымал «Ұлытау» этно-рок тобы өнер көрсетті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе