Кәсіптік-техникалық білім жүйесі өзгерістердің белсенді үдерісін бастан кешіруде - Қарағанды облысының әкімі

ҚАРАҒАНДЫ. 6 сәБүгінде үлкен назар аударылып отырған кәсіптік-техникалық білім жүйесі өзгерістердің белсенді үдерісін бастан кешіруде.Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов «Техникалық және кәсіптік білім берудегі оқытудың дуальды жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесін зерделеу» атты республикалық семинарда мәлім етті.

«Бұл семинардың мақсаты - ең алдымен, дуальды жүйені енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесімен алмасу, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың техникалық және кәсіптік білм беру жүйесінің алдына қойған міндеттерді шешу жөніндегі бірлескен іс-қимылды үйлестіру және орын алған проблемаларды талқылау», деп атап көрсетті Ә.Құсайынов.

«Таяудағы 3 жылда Қарағанды облысында 160-тан астам инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Бұл аймақтың еңбек нарығында 14 000-нан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», - деп еске салды Ә.Құсайынов.

Облыс әкімі кәсіптік білімді дамыту «нөмірі бірінші міндет» деп атады. «Бүгінгі күннің өзінде инвестициялық жобаларды кадрлық қамтамасыз етуді жоспарлай отырып, біз экономиканың 6 саласы - кен өндіру өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, энергетика, құрылыс индустриясы және көлік салалары үшін 14 техникалық мамандықтар бойынша әзірлік жүргізудемі» , - деп қосты ол.

Аймақ басшысы лицейлер мен колледждердің материалдық-техникалық базаларын жаңғырту басты міндеттердің бірі деп санайды. «Соңғы 3 жылда техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуға 14 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, соның ішінде материалдық-техникалық базаны жаңартуға - 1,8 млрд. теңге қарастырылды. Бұл оң нәтижелер берді. Мәселен, Қарағанды политехникалық колледжінде бірқатар техникалық мамандықтарға қабылдау 2011 жылы 30 пайызға дерлік өсті, бір орынға конкурсқа 7 адамнан келді», - деп атап өтті Ә.Құсайынов.

Дегенмен, жұмысшы кадрларын даярлауға инвестицияларды ұлғайтуға және ең алдымен бұл жүйеге жұмыс берушілерді тарту арқылы  қол жеткізу қажет, деді облыс әкімі. «Тұтастай алғанда, кадрларды даярлаудың дәстүрлі әріптестігі - практикадан, тағлымдамадан өткізу, стипендия төлеу, еңбекке орналастыру шаралары облыстың оқу орындарының 30 пайызында жүзеге асырылуда. Бұл көрсеткіш одан әрі ұлғайтылатын болады», - деді аймақ басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Теміртау политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білімге оқытудың дуальды жүйесін енгізу жөнінде семинар болып өтті. Оған білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қатысты. Форум қатысушыларын аймақта жұмыс сапарымен жүрген индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев құттықтады.

Қарағанды облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы дуальды оқыту элементтерін енгізу тәжірибесімен елдің басқа да аймақтарының өкілдері танысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе