Шымкенттік жиырма оқушы республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары болды

ШЫМКЕНТ. 19 сәШымкент қаласы мектептерінің 20 оқушысы республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары атанды.Оларды жеңістерімен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов құттықтады.

Шымкенттік оқушылар иеленген 20 медальдің екеуі - алтын және жетеуі - күміс. Әрбір жеңімпаз сыйлық ретінде ноутбук алды. Бұдан басқа, № 8 мектеп-гимназиясы мен № 1 қазақ-түрік лицейіне үлкен плазмалық теледидарлар табысталды.

Биылғы жылы «Облыстың үздік мектебі» аталымында жеңіске жеткен № 8 мектеп-гимназияның директоры Шолпан Бейсенбаева, А.Мырзахметовқа балаларды жеңіске дайындаған педагогтар үшін әкімнің шәкіртақысын тағайындауды ұсынды. ОҚО-ның әкімі ұсынысты ойластыратынын айтты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе