Қазіргі уақытта Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түрікменстан сияқты елдердің әліпби ауыстыру тәжірибесі зерттелуде - ҚР Президентімен «тікелей желідегі» сұрақтарға жауап

АСТАНА. Желтоқсанның 7/Марлан Жиембай/ - Қазақстанның латын әліпбиіне көшу мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп, талқыланып келе жатыр. Осыған орай қарашаның 13-інде өткен ҚР Президентімен «тікелей желіде» ақтөбелік Айнаш Әлібекқызы еліміздің латын әліпбиіне көшу мүмкіншілігі қаншалықты деген сауал жолдаған болатын. Осы сұраққа ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «тікелей желі» сайты арқылы  жауап берді.

 «Қазіргі уақытта әліпбиді ауыстыруға байланысты қоғамда 4 түрлі пікір бар, солардың бірі өзіңіз айтып отырғандай А.Байтұрсынұлы  салған араб әліпбиіндегі төте жазуды жақтайтындар. Дегенмен де, қоғамымызда қазіргі қолданыстағы әліпбиді латыншаға ауыстыру төңірегіндегі мәселеде қызу пікірталас басым. Осы тұрғыда латын әліпбиіне көшу жөніндегі мәселені егжей-тегжейлі қарап, ұсыныс енгізу жөнінде Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берілген. Нақты шешім қабылдау үшін бұл мәселе бойынша жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, барлық жайттар ескерілуі тиіс. Бұл ретте асығыстық пен науқаншылдыққа бармай, латын әліпбиіне көшкен көрші мемлекеттердің үлгі, тәжірибелерін жан-жақты сапалы зерттеу арқылы шешім қабылдағанымыз жөн. Осыған байланысты қазіргі уақытта Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түрікменстан сияқты елдердің әліпби ауыстыру тәжірибесі зерттелуде», делінген министрдің жауабында.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе