Астанада білім саласындағы жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

АСТАНА.  24 Бүгін Астанада Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен білім саласындағы жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті.«Кеңестің құрамында 51 адам бар. Біз оны қазір 78 адамға дейін кеңейттік. Атап айтқанда, кеңестің отырысын жартыжылдықта бір өткізіп тұруды жөн санаймыз. Бүгін енді кеңестің алғашқы отырысы ұйымдастырылып отыр», - деді министр.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, кеңес ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы тұрақты түрде әрекет ететін кеңес беру органы болып табылады. Бұл кеңес білім саласындағы қоғамдық бақылауды  қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Оның құрамында министрліктің жауапты қыметкерлері, ҚР Президент Әкімшілігінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, белгілі журналистер, кәсіподақ ұйымдарының, ата-аналар қоғамдастығының басшылары енді.

«Біз сіздермен бірлесе отырып, саладағы проблемалық түйіндерді анықтап, оларды шешу жолдарын айқындаймыз», - деп атап өтті Б. Жұмағұлов отырыс барысында.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе