Павлодарда «Биікке самғаған Қазақстан» атты жас шеберлер көрмесі өтті

ПАВЛОДАР. 11 сәБүкіләлемдік авиация және ғарышкерлік күні қарсаңында Павлодар қаласының балалар техникалық мектебінде «Биікке самғаған Қазақстан» атты жас шеберлер көрмесі ашылды.Оны «Болашақ бүгіннен басталады» атты республикалық шарасының аясында араларында модельдеу бойынша республикалық және халықаралық көрме байқауларының көптеген жеңімпаздары бар жасұландықтар ұйымдастырды.

Республикадағы көне мектептердің бірі болып табылатын Павлодардың балалар техникалық мектебі екі жыл бұрын өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті. «Мыңдаған балалар техникалық шығармашылыққа қатыса бастады. Әуе үйірмесінің «эскадрильясында» ондаған бірегей үлгілер құрылды. Олардың арасында ұшатын, кордтық үлгілер бар - бүгін олар көрме залында «қалықтап ұшты», сондай-ақ «қону-ұшу алаңына» орналастырылған әскери ұшқыш техникасының кішірейтілген үлгілері де бар. Мұнда Ұлы Отан соғысы уақытындағы «ИС» ұшағының өте сирек кездесетін үлгісі, неміс ұшу техникасының үлгілері де тұр», - дейді оның директоры Александр Зозуля.

Көрмеге келген балалар әдемі кемелерден көз ала алмай, әскери бронды техникасының аттарын шешіп отырды.

Павлодар техникалық мектебіне 600-дан астам бала барып жүр. Ұл балалар ұшақтарды өз қолдарымен жасап, оларды «ұшуға» үйретіп жүр, кемелер мен әскери техниканы құрастырып, картон мен қағаздан «сарайлар» салып, сәулет өнерімен айналысуда. Қыздар болса, ұсақ моншақтарды тоқумен, кәдесыйлар, әшекейлер мен жұмсақ ойыншықтарды жасаумен айналысады - олардың қолдарымен жасалған таңғажайып гүл шоқтары мен қызықты жануарлар ойыншықтары стендтерді жайнатып қойды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе