Шымкент мектептерінде жаңа оқу жылына дайындық басталды

Шымкент мектептерінде жаңа оқу жылына дайындық басталды.Қаланың 6 мектебіне, 7 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілді, деп хабарлады облыстық әкімдіктен. Бұл үшін республикалық бюджеттен 286 млн. теңге, облыстық қазынадан - 1 млрд. астам теңге, жергілікті бюджеттен - 500 млн. теңге бөлінді. Бұдан басқа, 50 млн. теңге 113 білім беру нысанына қабырға ағартып, терезе, еден сырлау үшін көзделді. Барлық жұмысты 3 мердігерлік компания атқарды.

№25 мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін №38 мектепті жөндеуге арналған қаражат бағытталды. «38 мектепте екі маусым күрделі жөндеу жүргізілді. Үшінші кезең келесі жылға қалдырылды. Әрі бұл қаражат №25 мектепке қажет, онда басталған құрылысты аяқтау қажет», - деді қалалық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Пазылхан Асауов.

Барлығы биылғы жылы пайдалануға 5 жаңа мектеп, 6 балабақша берілді. Облыс бойынша бұдан да көп. ОҚО-да 95 балабақша пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 12 мың баланы балабақшаға орналастыруға мүмкіндік береді. Еске салсақ, 2014 жылы ОҚО-да 15 мың балалық 160 балабақша пайдалануға берілген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе