Биыл аз қамтылған отбасылардың балаларына мемлекеттен қандай көмек беріледі

ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасында 2020 жылы аз қамтылған отбасылардың балаларына мемлекет тарапынан қандай көмек бөлінетіндігін түсіндірді, деп тілшісі. Қоғамдық қабылдаудың атап өтуінше, жеңілдігі бар жол жүру билеті, мектепте тегін тамақ пен азық-түлік пакетінен бөлек 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп киімі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар мемлекеттік әлеуметтік көмек ретінде беріледі. Ұлдарға арналған мектеп киімі жиынтығына мыналар кіреді: - пиджак; - жилет; - шалбар; - мерекелік көйлек; - күнделікті киюге арналған көйлек; - трикотаж жилет. Қыздарға арналған мектеп киімі жиынтығына мыналар кіреді: - пиджак; - жилет; - белдемше; - классикалық жейде; - трикотаж жилет; - сарафан. Бастауыш сынып оқушыларға арналған жазу және мектеп жабдықтары мыналардан жиынтықталады: - рюкзак; - күнделі; - жай дәптер (20 дана); - қаламсауыт; - сурет салуға арналған альбом; - қаламсап (5 дана); - жай қарындаш (10 дана); - қап (15 дана); - пластилин; - акварель бояуы; - сызғыш; - өшіргіш. Орта буын оқушыларына мыналар беріледі: - рюкзак; - күнделі; - жай дәптер (20 дана); - қалың дәптер (10 дана); - қаламсауыт; - сурет салуға арналған альбом; - қаламсап (5 дана); - жай қарындаш (10 дана); - қап (15 дана); - пластилин; - акварель бояуы; - сызғыш; - өшіргіш. Жоғары сынып оқушыларына: - рюкзак; - күнделі; - жай дәптер (20 дана); - қалың дәптер (10 дана); - циркуль; - қаламсауыт; - сурет салуға арналған альбом; - қаламсап (5 дана); - жай қарындаш (10 дана); - қап (15 дана); - пластилин; - акварель бояуы; - сызғыш; - өшіргіш.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе