Қазақстанда енгiзiлген Еуропаның бiлiм саласындағы 40-тан астам жобасы Астанада таныстырылды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде Tempus IV бағдарламасы аясында қолға алынған бiлiм беру жобаларының қорытындылары ұсынылды. Арнайы өткiзiлген көрмеге Еуропалық одақтың 2007-2013 жылдары Қазақстанда енгiзiлген жобалары таныстырылды. Аталмыш жобалардың енгiзiлуi Қазақстанның бiлiм беру жүйесiн институционалды және ұлттық деңгейлерде жаңғыртуға үлкен септiгiн тигiздi және жалпы Қазақстанның ағарту iсiнде оң нәтижелер бердi. 

Сонымен бiрге шара аясында 70-ке тарта жоғары оқу орындарының өкiлдерi үшiн "Бiлiктiлiктiң ұлттық шектерi: әдiстемеден қолдану тәжiрибесiне дейiн" атты семинар ұйымдастырылды. 

"Семинар жоғары бiлiмнiң сапасын арттыруға бағытталып отыр. Бүгiнде бiлiм беру жүйесi, соның iшiнде жоғары бiлiм беру саласы, жаңғыру кезеңiне аяқ басты. Жоғары бiлiм саласының сапалық тұрғыда артуы, ең бiрiншiден, жоғары оқу ұйымдарының еңбек нарығымен тығыз байланыс орнатуы арқылы жүредi. Яғни, жұмыс берушiлер болашақ түлектердiң бiлiктiлiк деңгейiн анықтайтын болады. ЖОО-лар олардың сұранысына сай бiлiм беру бағдарламаларын жасақтайды. Мұндай жүйемен оқытылған жас мамандар нарықтың қажеттiлiктерiне сай болғандықтан, сұраныстан ешқашан кетпейдi", - дейдi Болон процесi және академиялық ұтқырлық орталығы директорының кеңесшiсi Серiк Өмiрбаев. 

Шара аясында Қазақстандағы жоғары бiлiм беру жүйесiн реформалау бойынша құрылған ұлттық команда ЖОО-лардың кадр стратегиясын жасақтауға, ұлттық және салалық бiлiктiлiк шектерiн құруға арналған шеберлiк сыныптарын өткiзедi. Шеберлiк сыныптары кезiнде Tempus IV жобаларын енгiзу барысында жинақталған тәжiрибелер де талқыланады. 

Tempus IV - 2007-2013 жылдары Қазақстанда Еуропалық одақтың тарапынан жүргiзiлген бiлiм сапасын арттырудың кешендi жобалар бағдарламасы болып табылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе