«Сардар» олимпиадасы Қазақстанның әскери оқу орындарына түсетін үздік үміткерлерді анықтайды

Бүгін ІІ республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасының ресми ашылу салтанаты өтті. Республикалық әскери мектеп-интернаттарының, облыстық әскери мектептер мен еліміздің жалпы білім беру мекемелері түліктерінің қатысуымен өтетін шара сәуір айының 12-не дейін жалғасады. «Сіздерді ІІ республикалық «Сардар» олимпиадасының ашылуымен құттықтаймын. Барлық түлектердің еліміздің лайықты отан қорғаушылары болуына шын жүректен тілектеспін. Олимпиаданың басты мақсаты -Отанға шын берілген, патриот, зерек талантты жастарды анықтау», - деп атап өтті ашылу салтанатында сөз алған генерал-майор Талғат Мұхтаров.

Олимпиада еліміздегі азаматтық және әскери мектеп түлектерінің жеке дамуына, еліміздегі әскери қызмет пен Қарулы Күштердің абыройын арттыруға ықпал етеді.Оның аясында жастардың Қазақстандық жоғарғы әскери оқу орындарына түсуге даярлығы тексеріледі.

Қазақстанның барлық облыстарынан, Алматы және Астана қалаларынан келген 60-тан аса жас өрендер екі күн бойы теориялық және практикалық білімдерін сынақта көрсетеді. Алдымен физика, математика, қазақ (орыс) тілі және алғашқы әскери даярлық пәндері бойынша тестілеу тапсырмаларын орындап, дене және әскери-қолданбалы даярлықты байқатады. Оның ішінде 3 000 м, 100 метрге жүгіру және ішті қатайту, жеке саптық даярлық, АК-74 автоматын бөлшектеу және құрастыру бойынша сынақтар тапсырады.

«Сардар» олимпиадасы Астанадағы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінің базасында өтуде. Алдағы уақытта олимпиаданы Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы республикалық әскери мектеп-интернант базаларынде кезекпе-кезек өткізу қаралады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе