Астанада экономиканы оқыту мәселелері талқыланды

АСТАНА. 15 Еліміздің жетекші экономист-ғалымдары мен экономика пәндерінің оқытушылары жақында елордадағы «Тұран-Астана» университетінде оқу орындарында экономиканы оқыту мәселелерін талқылады.«Қазақстанның жоғары білім саласындағы теориялық және қолданбалы экономика: қазіргі уақытта және болашақта нені және қалай оқыту керек?» атты тақырыпта өткен бұл семинар-кеңеске Ақтөбе, Алматы, Қарағанды және Астана қалаларындағы ЖОО-лардың жетекші мамандары мен қызметкерлері қатысты.

 Талқылауға келесі сұрақтар шығарылды: қазіргі экономикалық ғылымның жалпытеориялық және жекетеориялық құрылымы; қолданбалы экономиканың құрылымы: функционалдық, салалық, өңірлік, құралдық, пәнаралық экономикалық пәндері, ҚР экономикалық білім саласындағы мемлекеттік стандарт және академиялық еркіндік; теориялық және қолданбалы экономика бойынша оқу жоспарларының, бағдарламаларының, әдебиетінің сапасы; экономикалық пәндерді оқу және оқыту әдістемесі мен технология мәселелері және оларды шешу жолдары.

 Семинар-кеңесті «Тұран-Астана» университеті, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы қоғамдық ғылымдар орталығының Қазақстандық өкілдігі ұйымдастырды.

 «Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті, э.ғ.д., профессор, Ресей Шаруашылық философиясы академиясының академигі Орақ Әлиев семинар-кеңес тақырыбының өзектілігі мен түйткілдігі туралы баяндама жасап, қатысушыларға ТМД және Балтық мемлекеттерінің Халықаралық саяси-экономикалық қауымдастығы туралы ақпарат берді.

 Оның айтуынша, ТМД және Балтық мемлекеттерінің мамандары Қазақстандағы экономика ғылымының қарыштап дамуын мойындап отыр. Отандық ғалымдарымыз әсіресе теориялық мәселелер бойынша оқ бойы алда келеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе