Парламент Сенатының комитеті еліміздің ҰКК-нің Алматыдағы Академиясында көшпелі отырыс өткізді

АСТАНА. 18 Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы Академиясында болған көшпелі отырысында

конституциялық құрылысты қорғауды қамтамасыз ету, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтауды қамтамасыз ететін маңызды мемлекеттік институттың қызметін заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Шарада сөз алған Сенаттың салалық комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда ҰҚК органдары азаматтардың қауіпсіздігін, қоғам мен мемлекетті сыртқы және ішкі қауіптерден қамтамасыз ету жөніндегі басым бағыттарды шешетінін атап өтті.

Сенатор сондай-ақ қоғамдағы саяси-әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудағы, Қазақстанның халықаралық беделін нығайтудағы, лаңкестікке, экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдағы еліміздің ҰҚК-нің үлесін атап өтті.

«Сонымен бірге, іс-қимылда біздің азаматтардың заңды мүдделерін тікелей қорғауға баса назар аударылады», - деді Сенат депутаты.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру мәселелеріне қатысты И.Адырбеков осы сала бойынша биыл қабылданған заңдарға тоқталды.

«Ұлттық қауіпсіздік туралы» және «Арнайы мемлекеттік қызмет туралы» заңдарда белгіленген құқықтық кеңістік ҰҚК алдында тұрған көкейкесті міндеттерді орындауға ықпал етеді.

- «Сонымен бірге жағдайдың өзгерістеріне сай  ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реттейтін заңнама ұлттық мүдделерді қорғау міндеттеріне, уақыттың қауіптері мен талаптарына сәйкес келуі тиіс», - деп атап өтті депутат.

Отырыста сөз алған ҰҚК төрағасы Н.Әбіқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алдында тұрған міндеттер аясында осы талқылаудың маңыздылығын атап өтіп, саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігі туралы айтты.

Отырыс барысында сөз алған ҰҚК бөлімшелерінің басшылары өз құзіреттері аясында қазіргі қызметтері туралы баяндап, депутаттардың сауалдарына жауап берді.

Көшпелі отырыс барысында депутаттар ҰҚК Академиясының оқу-материалдық базасымен танысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе