Елімізде талантты жас педагогтар жалақысы жоғары басқа салаларға ауысуда - С.Ахметов

АСТАНА. 29 Елімізде талантты жас педагогтар жалақысы жоғары басқа салаларға ауысуда. Бүгін 2014-2016 жылдарға арналған Қазақстандағы білім және ғылым саласы дамуының басым бағыттары талқыланған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай деді.Үкімет басшысының атап өтуінше, мемлекет педагогикалық ресурстардың дамуына және олардың біліктілігін арттыруға барынша зор көңіл бөлуде. Педагогикалық кадрларды дайындау жүйесі де қайта қарастырылуда. «Дегенмен, аталған кадрлардағы дисбаланс - бұл, білім беру жүйесіндегі әлсіз педагогтардың болуынан ғана орын алмауы мүмкін. Бұл ретте, мықты, жас, талантты педагогтардың жағдай жасап, жоғары жалақы төлейтін басқа салаларға кетіп жатқандықтарын атап өту қажет», - деді С.Ахметов.

Сонымен қатар Премьер-Министр кадр мәселесін шешпей білім беру саласындағы мемлекеттік шаралардың тиімділігі төмен болатындығын баса айтты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе