Қазақстан алдағы ұрпақ үшін бейбітшілікті қамтамасыз етудің айқын жолын көрсетуде - ЮНЕСКО өкілі

Тұрақты дамуды қамтамасыз етуде Қазақстан қолайлы жағдай жасап отыр. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы Азия университеттерінің ІІІ форумында ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі аймақтық бюроның басшысы Ким Куанг Джо мәлім етті.«Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге үлес қосу үшін бүгін өзара қарым-қатынасымызды нығайта түсеміз деген ойдамын. Осы орайда Қазақстан бұл бағыттағы мүмкіндіктерді зерттеу тұрғысында өте қолайлы жағдай жасап отыр. 100-ден астам ұлт өкілдері өмір сүріп жатқан бұл мемлекет алдағы ұрпақ үшін бейбітшілікті қалай қамтамасыз етудің айқын жолын көрсетуде»,-деп атап өтті ол.

Орталық Азия ғылыми білімді алмасуда маңызды рөл атқарып отырғандығына тоқталған Ким Куанг Джо: «Президент Нұрсұлтан Назарбаев таныстырған «Қазақстан-2050» Стратегиясында елдің дамуының нақты қадамдары бекітілген. Осы бағыттағы саясат бүгінде айтулы нәтижелерге алып келді»,-деді.

Бұл тұрғыда ЮНЕСКО өкілі бәсекелестікке қабілеттілік, білім саласын дамыту, адам капиталын дамыту индексі бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізгеніне тоқтала кетті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе