Оқушылар жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын роботтар құрастырды (ФОТО)

Шымкентте оқушылардың қолдағы бар материалдардан жинаған ерекше робот техникаларына арналған көрме өтті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Жобалар жарылғыш құрылғыларды залалсыздандырудан бастап радиобелсенді қалдықтарды тасымалдауға дейінгі жауынгерлік тапсырмаларды орындау мақсатында құрастырылған.

Оқушы инженерлер болашақта әскерилердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техниканы жасаумен айналысқысы келетіндерін мәлім етті.

Роботтар көрмесі ІІ Оңтүстік Қазақстан «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны шеңберінде өткізілді. Онда облыстағы барлық аудандарынан 18 команда бақ сынасты. Сайыстың ашылғаны туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары  генерал-майор Талғат Мұхтаров хабарлады.

35748 әскери бөлімі оркестрінің сүйемелдеуімен командалар стадионда маршпен жүріп өтіп, әскери дода басталды. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өңірдің оқушылары спорттың 11 әскери-қолданбалы түрі бойынша өздерінің жетістіктерін көрсетті. Олардың арасында Калашников автоматын бөлшектеп, құрастыру, белтемірге тартылу, орнында тұрып ұзындыққа секіру, серіппедегі күштік жаттығулар, бұлшық етті қатайту, жалпыәскери қорғаныс костюмін жедел кию, бастапқы медициналық көмек көрсету және қыз балаларға арналған күштік жаттығулар кешені болды. 

Араларында қыздар да бар мектептердің 216 оқушысы нағыз сайыста күш сынасты. Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің хабарлауынша, қатысушылар нағыз әскери қызметшілерге тән нәтижелер көрсетті. Қорытындыда спорттың 6 әскери-қолданбалы түрінде бірінші орынды иеленген Арыс қаласының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Кентау қаласының оқушылары еншіледі. 1 ұпай айырмашылықпен Түркістан қаласының оқушылары үшінші орынға тұрақтады. Әр аталымда жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе