«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар тізбесі жарияланды

АСТАНА. 21 сә«Халықаралық бағдарламар орталығы» Акционерлік Қоғамының хабарлауы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамытудың басымды бағыттарының бірі шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға/тағылымдамаға және PhD доктарларын оқуға жіберу болып табылады.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, 2012 жылы стипендия аясында академиялық білім алу үшін - 57, тағылымдамадан өту үшін 107 мамандық қарастырылған. Шетелде білім алу мен тағылымдамадан өту үшін осы жылдан бастап мына санаттар үшін бөлінеді: мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми немесе педагог қызметкерлері, тағылымдама және доктор PhD. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде мемлекеттік қызметте, оның ішінде соңғы 12 айды қоса алғанда кемінде 2 жыл жалпы жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметші болып табылатын магистр дәрежесін алуға үміткерлер үшін бөлінеді. Қажетті құжаттар тізбесі:1. Жұмыс берушінің тапсырысы 2. Үміткердің сауалнамасы 3. Негіздеме-өтініш4. Жеке куәліктің және/паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі5. Қосымшасы бар дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі6. Белгіленген медициналық ұйымдардан алынған 082/у медициналық анықтама7. СТН көшірмесі8. Соңғы 2 жылда зейнетақы аударымдарын төлегендігін растайтын зейнетақы қорынан үзінді көшірме 9. Еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесіҮміткерлерге келесі жеңілдіктер қарастырылған:- шет тілдерін білу деңгейі төмендетілген;- жастық шектеу жоқ;- шетелдік ұйымдардың талабына сәйкес 4 оқу семестріне дейін тілдік дайындық өту мүмкіншілігі қарастырылған. «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындаған жағдайда стипендиат оқуды ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына міндетті түрде оралуы мен «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде алған мамандығы бойынша мемлекеттік қызметте үздіксіз бес жылдық еңбек қызмет ету туралы келісімшарт жасайды. Конкурсқа қатысу шарттары, басым мамандықтар тізбесі, үміткерлерге қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар тізімі мен іріктеу ережесі www.bolashak.gov.kz ресми сайтында орналасқан.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе