Түркістанда «Матуридиліктің өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр (ФОТО)

4 мамыр күні Түркістандағы Ахмет Ясауи университетінде «Матуридиліктің өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық симпозиумы басталды. Гуманитарлық ғылымдар факультеті  және Еуразия ғылыми-зерттеу институты бірлесе  ұйымдастырған симпозиум үш күнге созылмақ, деп хабарлайды жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Симпозиумды ашқан ХҚТУ-дың Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президенті М.Нұрсой мен Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президенті Т.Раймбердиев келген қонақтарға алғысын білдіре отырып қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал профессор Сөнмез Кутлу симпозиумның негізгі мақсатына кеңінен тоқталды. «Матуридилік жалпы ислам ойлау жүйесінде (түсінігінде) оны түсіну, пайымдау және оның шарттарын орындауға қатысты әртүрлі түсініктер пайда болды. Бұлардың бір бөлігі проблемаларды шешуде күш қолдануға, ал бір бөлігі ақыл-ой таразысына салуға, енді бір бөлігі салт-дәстүрге сүйенуге, ал келесі бір бөлігі мистикалық тәжірибеге сүйенуге тырысты. Әбу Ханифа мен Имам Матуриди мұсылмандардың проблемаларын шешуде ақыл-ой таразысына сүйену тәсілін алға тартты. Сол себептен оларды ақыл-ойдың жақтастары деп атады».

Аталмыш іс-шараға Түркия, Татарстан, Қырғызтан, Башқұртстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Азербайжан және еліміздегі түрлі ұйымдар мен ЖОО-лардан профессорлар, қонақтар келді.

Алқалы кеңесте ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының бөлім басшысы Аңсар Өсербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Дін істері комитеті Дінтанулық сараптама басқармасының басшысы, теология докторы Мырза Балғабек, Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиі Камил Самигуллин, Башқұртстан мұсылмандар діни басқармасының өкілі Артур Ахмеров, Түркия, Измир қаласы, Докуз Ейлюл университеті,  Дінтану факультеті профессор Ханифи Өзжан, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының профессоры Досай Кенжетай, Қырғыстан Республикасы Ош мемлекеттік  университеті, Теология факультетінің профессоры Зайлабиддин Ажимаматовтар Имам Матуриди мен оның Матуридилік мектебі туралы жан-жақты тоқталды.

Баяндамашылар ұлы ғұлама Имам Матуридің өмірі, ғылым мен білімге қосқан үлесі, Самарханд қаласында Имам Матури тарапынан негізі қаланып, кейіннен оның ізбасарлары арқылы түркі халықтарының арасына тараған Матуридилік жолы түркі халықтарының діни, қоғамдық және мәдени бірлігі жолында маңызды роль атқарғандығын айтты. 

Үш күнге созылатын Халықаралық симпозиум қазақша, түрікше және ағылшын тілдерінде өтуде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе