«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша екі мыңға жуық жас жұмысқа орналасты

ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 Алматы облысында үш жылдың ішінде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша екі мыңға жуық маман жұмысқа орналастырылды.Бұл педагогтар, дәрігерлер, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері. Әрқайсысы көтермелеу жәрдемақыларымен, жақсы жалақымен қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, оларға баспана сатып алуға жеңілдетілген несиелер берілуде. Жыл сайын оның сомасы артып келеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін 675 студент тәмамдайды, олардың 310-ы ауылға барып жұмыс істеу ниеттерін білдірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе