Қабілетті қазақстандық студенттердің Ұлыбританияда жұмыс істеуіне еш бөгет жоқ - Дэвид Кэмерон

АСТАНА 1 Ұлыбритания қабілетті қазақстандық студенттердің жұмыс істеуіне тосқауыл болмайды.Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон айтты.

Оның атап өтуінше, британдық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер оқуын аяқтағаннан кейін Ұлыбританияда жұмыс істеуге қала алады. Бұл елге шетелдік студенттердің санына қатысты ешқандай шектеу жоқ. Дегенмен, Д. Кэмерон Ұлыбритания бақылаусыз экономикалық көші-қонға қарсылық танытатындығын баса айтты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе